Архив событий

04/01/2017

2016 жыл ішінде Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 3660 азаматты әкімшілік жауаптылыққа тартты

04/01/2017

2016 жыл ішінде Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 3660 азаматқа қатысты әкімшілік іс қарап, келесі әкімшілік жазалар тағайындады: 76 азаматқа ескерту, 1791 азаматқа әкімшілік айыппұл, 524 азаматқа әкімшілік қамаққа алу, 1228 азаматтар арнайы құқығынан айырылды, 41 азамат Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілді.   

Сот шешімімен оңалту рәсімін қолдану туралы талап арыз қанағаттандырылды

04/01/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты оңалту рәсімін қолдану туралы «Шалқар» ЖШС-нің туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, «Шалқар» ЖШС-нің салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша кредиторлар берешегі бар. Осыған байланысты, борышкер өзінің төлем жасау қабілеттігін қалпына келтіру мүмкіндігін дәлелдейтін құжаттар ұсынды.