Архив событий

18/01/2017

Сот көлік құралын есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін 9 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде жаза тағайындады

18/01/2017

Ақмола облысы Бұланды аудандық соты көлік құралын есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Н. 2016 жылдың желтоқсан айында екі рет және 2017 жылдың қаңтар айында автокөлікті есірткілік масаң күйде басқарып, үш рет жол полициясының қызметкерлерімен тоқтатылған.

Сот айналасындағыларға сыйламаушылық білдіргені үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

18/01/2017

Ақмола облысы Целиноград аудандық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен, ер адам қоғамдық орында табиғи мұқтаждығын жасағанын анықталды. Осы әрекетімен, ер азамат қоғамдық орынды ластап, қоғамдық тәртіпті бұзған және айналасындағыларға сыйламаушылық білдірген.

Сот отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

18/01/2017

Ақмола облысы Шортанды аудандық соты отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін азамат Қ-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат, масаң күйде өз үйінде жанжал шығарып, анасын мен туысқандарын ұрып-соғумен қорқытып, анасына былапыт сөйлеген. 

Сотта әйел адам өз ұлының құқыққа қарсы әрекеттерді шыдауға және онымен татуласуды қаламайды екенін көрсетіп, соттан ұлына деген қатаң жазаны тағайындауға сұрады.  

Сот шешімін және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

18/01/2017

Ақмола облысы Целиноград аудандық соты сот шешімін және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін азамат Қ-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 440-бабының 3-бөлігі бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылып, сот шешімін және атқарушылық құжатты орындамаған.

Сот көлік құралдарын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін 17 азаматқа қатысты әкімшілік істер қарады

18/01/2017

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты  2017 жылдың басынан көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарған азаматтарға қатысты 17 әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, 17 азамат алкогольдік және есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарып, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, жол қозғалысына қауіп төндірген.

Сот қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

18/01/2017

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін  азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сотпен, азамат С. қоғамдық орында бола тұра, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, жерге темекі тұқылын тастағаны анықталды.  Осы әрекетімен, ер азамат ұсақ бұзақылық жасап, қоғамдық орынды ластаған.