Архив событий

24/01/2017

Құқық бұзушының жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік іс өндіріспен тоқтатылды

24/01/2017

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін азамат И-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат өз үйінде жанжал шығарып, әйеліне былапыт сөйлеген.

Сотқа жәбірленушіден жұбайымен татуласуына байланысты әкімшілік істі тоқтату туралы арыз түсті. 

Сот ер адамға кәмелетке толмаған қызды масаң күйге дейiн жеткiзгені үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

24/01/2017

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты кәмелетке толмаған қыз баламен алкогольдік ішімдік ішкені үшін азамат У-ға қатысты әкімшілік іс қарады.  

Сот анықтағандай, кәмелетке толмағанның апасымен бірге тұратын азамат У., кәмелетке толмаған қыз баламен бірге алкогольдік ішімдікті ішіп, оны масаң күйге дейiн жеткiзген.

Сот ерлі-зайыптылардың татуласуы туралы медиативтік келісімді бекітті

24/01/2017

Ақмола облысы Аршалы аудандық соты некені бұзу туралы азаматтық істі медиативтік келісім жасаумен қарады.

Сотта, ерлі-зайыптылар келесі шарттар негізінде медиативтік келісімді жасады: азамат Д. зайыбымен бейбітшілік пен келісімде бірге тұруына және зайбымен даулы жағдай туындаған кезде, оны бейбіт жолмен шешуге міндеттенеді. Зайыбы азамат Д-мен татуласып, талап арыздан бас тартады.

Сот ұйғарымымен ерлі-зайыптылардың татуласуына байланысты жанжалды реттеу туралы медиативтік келісім бекітілді.