Архив событий

16/01/2017

Атқарушылық құжаттарды орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алынды

16/01/2017

Ақмола облысы Целиноград аудандық соты атқарушылық құжатты орындамағаны үшін азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 440-бабының 3-бөлігі бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылып, атқарушылық құжатты орындамаған.

Сот алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады

16/01/2017

Ақмола облысы Шортанды аудандық соты Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін азаматша Ш-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін азаматша Ш. сатып алушыға түнде сағат 00.30-да алкогольдік өнімді сатқан. Осы әрекетімен, азаматша Ш. сағат 23.00-ден келесі күнгі сағат 08.00-ге дейінгі аралықта, яғни тыйым салынған уақытта алкогольдік өнімді заңсыз сатқан.