Архив событий

09/01/2017

Ақмола облыстық сотының жалпы отырысында судьялыққа кандидаттар талқыланды

09/01/2017

Ақмола облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Лязат Кудекованың қатысуымен жалпы отырыс өтті.

Күн тәртібіне сәйкес жалпы отырыста екі сұрақ қаралды: Соттармен өзара іс-қимыл бойынша Кеңеспен кандидаттарды іріктеу нәтижесі талқыланып, конкурсқа  қатысатын барлық кандидаттар қаралды.

Сандықтау аудандық соты 2016 жылдың жұмысын қорытындылады

09/01/2017

2016 жыл ішінде Сандықтау аудандық соты 507 азаматтық іс қарады, оның ішінде 262 азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізуде қаралып, 15 азаматтық іс медиация тәртібімен тоқтатылды.

Сотпен 80 қылмыстық іс қаралды, оның ішінде 3 азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 - жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Заңды қолданып қылмыстық істер тоқтатылды, 6 іс медиация тәртібімен қаралды, 27 іс тараптардың татуласуына байланысты өндіріспен тоқтатылды. Тергеу судьямен 60 өтініш хат қаралды.