Архив событий

20/01/2017

Медиация тәртібімен қылмыстық іс тоқтатылды

20/01/2017

Ақмола облысы Жақсы аудандық соты азаматша Д-ның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтiргені үшін айыптау бойынша азаматша А-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша Д. азаматша А-ны жеке айыптау тәртібі бойынша шағымымен, сонымен қатар материалық шығынды және моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сотта сотталушыға наразылығы жоқ екені түрінде  және сотталушымен медиация тәртібінде татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы жәбірленушіден өтініш хат түсті.

Сот жеке кәсіпкер және ЖШС-нің арасында медиативтік келісім бекітті

20/01/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «К-Б» ЖШС-нен берешекті өндіріп алу туралы жеке кәсіпкердің талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, «К-Б» ЖШС-і бірнеше рет жеке кәсіпкерден өнімді алған, бірақ кейінгі тауар легі ақысын төлемей, берешек пайда болды. Талапкердің талабына қарамастан, жауапкер қарызды қайтарудан жалтарды.

Сот ер азаматқа сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

20/01/2017

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты сот шешімін және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi болмаған көлiк құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауптылыққа тартылып, сотпен айыппұл тағайындалған. Осы әрекетімен азамат Б. сот шешімін және атқарушылық құжатты орындамаған.

Сот қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қамақа алу жазасын тағайындады

20/01/2017

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азамат Т-ға қатысты әкімшілік іс қарады.                              
Сотпен, азамат Т. қоғамдық орында, нақты айтқанда, Егіндікөл ауылындағы дүкеннің жанында масаң күйде болған. Осы әрекетімен, азамат Т. айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.