Архив событий

25/01/2017

Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргені үшін қылмыстық жауаптылық

25/01/2017

Степногорск қалалық соты денсаулыққа ауыр зиян келтірді деп айыптау бойынша азамат Ч-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Ч. азамат С-мен жанжалдасу кезінде, бұзақылық ниетпен, оған пышақпен соққы жасап, денсаулығына ауыр зиян келтiрген.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты дөңгелек үстел өткізеді

25/01/2017

2016 жылдың 27 қаңтарында сағат 15.00-де Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істерді қарауда «Медиация туралы» Заңын қолдану» тақырыбына дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелге Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары, медиаторлар,  прокуратура органдарының өкілдері мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыратын лауазымды тұлғалар шақырылды.

Сот ер азаматқа қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ескерту түрінде жаза тағайындады

25/01/2017

Ақмола облысы Есіл аудандық соты қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін азамат Р-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат Р-ға қатысты Есіл АІІБ-мен қорғау нұсқамасы шығарылған. Нұсқамаға сәйкес азамат Р-ға бұрыңғы әйелінің қалауынсыз оны iздестiруге, оның iзiне түсуге, үйіне баруға тыйым салынды. Бірақ ер азамат түнгі уақытта бұрыңғы әйелінің үйіне келіп, терезе мен есікті тарсылдатып, айқайласты, сонымен қорғау нұсқамасын бұзған.

Сот прокурордың талаптарын орындамағаны үшін жеке сот орындаушысына айыппұл тағайындады

25/01/2017

Ақмола облысы Астрахан аудандық соты прокурордың қойған талаптарын орындамағаны үшін жеке сот орындаушысына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, Астрахан аудандық прокуратура жеке сот орындаушысына орындау мерзімін көрсетумен атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша ақпаратты ұсыну жөнінде ұсыныс хат жолдаған. Бірақ жеке сот орындаушысы аудандық прокуратураға ақпаратты ұсынбай, прокурордың қойған талабын орындамаған.   

Сот бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп тану туралы ЖШС-нің арызын қанағаттандырды

25/01/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп тану туралы Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына «Е-К» ЖШС-нің арызы бойынша азаматтық іс қарады.   

Сот анықтағандай, ЖШС-гі камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның күшін жою туралы  Көкшетау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына сотқа өтінішпен жүгінді.

Ақмола облысының соттары қылмыстық істерді «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР-ның Заңын қолданумен қарады

25/01/2017

2016 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды.