Архив событий

19/01/2017

Еңбекшілдер аудандық соты 2016 жылдың сот жұмысының қорытындысы бойынша брифинг өткізді

19/01/2017

Еңбекшілдер аудандық сотының төрайымы Г.Анарбекова 2016 жылдың сот жұмысының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен брифинг  өткізді.

Брифингте аудандық сот төрайымы қаралған сот істері мен материалдарды сапасының көрсеткіштерін айтты.

Сот атқарушылық құжатты орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

19/01/2017

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты атқарушылық құжатты орындамағаны үшін азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К-ға 2016 жылдың 10 қарашасында Егіндікөл ауданы ішкі істер бөлімінің қаулысымен бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Алайда азамат К. бүгінгі күнге дейін атқарушылық құжатты орындамаған.

Сот жеке кәсіпкерге құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізгені туралы уәкілетті органдарға хабарламағаны үшін айыппұл тағайындады

19/01/2017

Ақмола облысы Есіл аудандық соты құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізгені туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау жүргізетін органдарға хабарламағаны үшін жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қарады.

Көкшетау қалалық соты дөңгелек үстел өткізеді

19/01/2017

2016 жылдың 25 қаңтарында сағат 11.00-де Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты «Айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау» тақырыбына дөңгелек үстел өткізеді.

Дөңгелек үстелге қылмыстық істерді қарайтын  Көкшетау қалалық соттың судьялары, прокуратура, әділет басқармасының өкілдері мен сот орындаушылар қатысады.