Архив событий

27/01/2017

Астрахан аудандық соты «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын қолдану мәселелерін талқылады

27/01/2017

Ақмола облысы Астрахан ауднадық соты «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысына прокуратура, АІІБ-і, Қызмет пробацияның өкілдері, мемелекеттік сот орындаушылары мен жеке сот орындаушылар қатысты.

Сот әкімшілік қадағалау мен бекітілген шектеулерді бұзғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындады

27/01/2017

Акмола облысы Сандықтау аудандық соты бұрын соттылығы бар азамат К-ға қатысты бекітілген шектеулерді бұзғаны үшін қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағындай, сот қаулысымен азамат К-ға қатысты әкімшілік қадағалау орнатылып, аудандық ішкі істер бөлімінің рұқсатынсыз елді мекен шегінен шығуға  тыйым салу түрінде шектеулер қолданылды. Алайда, азамат К. аудандық полиция бөлімін ескертпей, аудан шегінен шығып, өзіне қатысты бекітілген шектеулерді бұзған.       

Ақмола облысының Көкшетау қалалық сотында айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау мәселелері талқыланды

27/01/2017

Ақмола облысының Көкшетау қалалық сотында айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау мәселелерін талқылау бойынша Көкшетау қаласы прокуратурасы, Ақмола облысы Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушылары және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Кездесуде әділет органдары мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына электронды атқару құжаттарын жолдау және тіркеу барысында туындайтын бірқатар мәселелер  талқыланды.

Сот талап арызды қанағаттандырды және келісімшартты аумақты қайтару және қалпына келтіру бойынша міндеттерін орындауға міндеттеді

27/01/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Қ-Т» ЖШС-не учаскесіндегі аумағын қайтару және қалпына келтіру  бойынша міндеттерін орындауға міндеттеу, яғни,  жер қойнауын пайдалану жөніндегі операция зардаптарын жою туралы Ақмола облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап арызды қарады

27/01/2017

Ақмола облысы Ақкөл аудандық соты азаматша П-дан  қарыз сомасын өндіріп алу туралы азаматша Л-дің талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азаматша Л. және азаматша П. арасында қолхат түрінде қарыз алу туралы келісім-шарты жасалған. Келісім-шартқа сәйкес, азаматша П. 2014 жылдың соңына дейін 241 600 теңге сомасын азаматша Л-ға беруге міндеттенді. Алайда, осы күнге дейін азаматша П. өзінің міндеттерін орындамаған.