Архив событий

30/01/2017

Қылмыстық іс келісімдік іс жүргізуде қаралды

30/01/2017

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты кісіні тонағаны үшін азамат К-ға қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат К. жәбiрленушiнiң өмiрiне немесе денсаулығына қауiптi емес күш қолданып, бөтеннің мүлкін ашық жымқырған. Атап айтқанда, азамат К.  ер адамның банкоматтан ақшаны алғанын көріп, оны ұрып, ұялы телефонын және әмиянды ақшасымен ұрлаған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде прокурор мен сотталушы арасында кінәсін мойындау туралы процесстік келісім жасалды.

Сот жас жігітке мәжбүрлі еңбекке тартып, пробациялық бақылау орнатумен бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады

30/01/2017

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты кісі тонағаны үшін айыптау бойынша азамат Қ-ға қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, 20 жастағы жас жігіт, көзге арналған ойығы бар бас киімді киіп, дүкеншіні пышақпен қорқытып, одан ақшалай қаражат талап еткен. Ұрланған қаражатпен қылмыскер қылмыс жасаған орнынан жасырынып, жәбірленушіге 46500 теңге мөлшерінде материалдық шығын келтірді.  

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында «Медиация туралы» ҚР Заңын қолдану мәселелері талқыланды

30/01/2017

Көкшетау қаласының  мамандандырылған әкімшілік сотында «Медиация туралы» ҚР Заңын қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстелдің» жұмысына прокуратура, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыратын лауазымды тұлғалар және Медиацияны дамыту орталығының медиаторлары қатысты.

Бурабай аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын қолдану мәселелері бойынша семинар өтті

30/01/2017

Бурабай аудандық сотында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңын қолдану мәселелері бойынша прокуратура, АІІБ, пробация қызметі өкілдерінің және адвокаттардың қатысуымен семинар өтті.

Аудандық сотының төрағасы А.Балабеков «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының нормаларын талқылады.

Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасып, заңнаманың нормаларын қолдану бойынша ұсыныстар әзірледі.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы кәмелетке толмағандарға арналған онлайн лекциялар өткізді

30/01/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы А.Жұматова жыныстық тиіспеушілікке қарсы құқықбұзушылықтардың алдын-алу мәселелері бойынша онлайн режимде лекциялар өткізді. Лекциялар жоғарғы сынып оқушылары мен колледж студенттеріне арналды.

А.Жұматова онлайн режимде үш лекция өткізіп, оған 6500 тыңдаушы қатысты.