Архив событий

06/01/2017

Ақмола облыстық сотында Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес судья қызметіне үміткерлерді талқылау бойынша отырыс өткізді

06/01/2017

Ақмола облыстық соты жанындағы Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес соттардың төрағалары мен судьяларының бос лауазымдарына орналасу үшін Жоғары Сот Кеңесімен жарияланған конкурсқа қатысатын үміткерлерді талқылау бойынша отырыс өткізді.

Кеңес отырысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Лязат Кудекова қатысты.

Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық

06/01/2017

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты алкоголь өнімін өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін Степногорск қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, әйел адам сатушы бола тұра, сағат 10.00-де азамат С-қа алкоголь өнімін сатып, осылайша этил спиртінің көлемді үлесі 30% асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін өткізіп, алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнаманың талаптарын бұзған.

Сот алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде тағайындады

06/01/2017

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты азамат С-мен алдын ала сөз байласып, алаяқтық жасағаны үшін айыптау бойынша жеке сот орындаушысына қатысты келісімдік іс жүргізуде қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, жеке сот орындаушысы өз қызметтік бабын пайдалана отырып, азамат С-мен алдын ала сөз байласып, азамат Ф-ны алдау жолымен сауда-саттық жасау кезінде оның жеңімпаз болып танылуына жәрдемдесуіне және оң шешім алуына олар 3 500 000 теңге ақшалай қаражатты талап еткен.

2016 жыл ішіндегі Егіндікөл аудандық сотының жұмыс қорытындысы

06/01/2017

2016 жыл ішінде Ақмола облысы Егіндікөл аудандық соты 20 қылмыстық, 143 азаматтық, 159 әкімшілік іс қарады. 9 қылмыстық іс  тараптардың татуласуына байланысты  тоқтатылды. Сот бұйрығын шығарумен 18  азаматтық іс қаралды, 1  азаматтық іс татауласу келісімін бекітуіне байланысты тоқтатылды, 5 азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды.
Әкімшілік істер бойынша әкімшілік өндіріп алуды тағайындаумен 159 қаулы шығарылды: оның ішінде: 7 ескерту, 48 әкімшілік айыппұл, 71 әкімшілік қамаққа алу және 33 азамат көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

Қорғалжын аудандық соты 2016 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша кеңес өткізді

06/01/2017

Қорғалжын  аудандық  соты 2016 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша кеңес өткізді.

Кеңесте аудандық сот төрайымы Х.Кембаева аудандық сот жұмысындағы жетістіктерді атап өттіп, судья А.Зиада 2016 жылдың ішінде қаралған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша статистикалық көрсеткіштерді келтірді.

Кеңсе меңгерушісі Б.Изахметов аудандық сотының кеңсесімен атқарылған жұмыстары туралы сөз сөйледі.

Аршалы аудандық сотының 2016 жылдың жұмыс қорытындысы

06/01/2017

2016 жылы Аршалы аудандық соты 664 азаматтық іс қарады, оның ішінде 90 сот бұйрығы шығарылды, 13 іс татуласу келісім жасаумен және 3 іс медиацияны қолданумен қаралды.

Сотпен 94 қылмыстық іс қаралды, оның ішінде 30 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды, тергеу судьясымен 42 өтініш хат қаралды.

Қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылды

06/01/2017

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты ұрлық жасағаны үшін азамат Қ-ға қатысты қылмыстық іс қарады. 

Сот анықтағандай, жас азамат автокөлік салонынан құрылыс құралдарын жасырын жымқырып, жасаған әрекетімен автокөліктің иесіне материалдық залал келтірген.