Архив событий

13/01/2017

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінде мемлекеттік қызметшілерді аттестатциялау сұрақтары бойынша семинар-кеңес өткізілді

13/01/2017

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Д.Сарымсақов «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін аттестатциялаудан өткізу тәртібінің сұрақтары бойынша сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған семинар-кеңес өткізді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Беспалинов қатысты.

Сот бұйрығымен білім беру гранты бойынша шығындар өндіріп алынды

13/01/2017

Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының білім беру гранты бойынша оқу шығындарын өндіріп алу жөніндегі сот бұйрығын шығару туралы азамат Н-ға қатысты талап-арызды қарады.

Сот бұйрығымен азамат Н-нан «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының пайдасына білім беру гранты бойынша оқу шығындарының соммасы мен тұрақсыздық төлемі өндіріп алынды.

 

Сот Степногорск қаласының тұрғынына есірткі заттарын заңсыз сақтап, өткізгені үшін 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

13/01/2017

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Степногорск қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат салмағы 58,0 грамм марихуананы заңсыз сақтап, шартты сатып алушыға өткізген. Жеке тінту барысында және автокөлікті тінту кезінде ер азаматтан қағаз түйіншегінде оралған марихуана табылған. Ер азамат барлығы 1002,5 грамм марихуана есірткі затын өткізу мақсатымен заңсыз сақтаған.