Архив событий

17/01/2017

Сотта тараптар медиативтік келісім жасады

17/01/2017

Ақкөл аудандық соты азамат П-нің азамат М. және азамат В-дан келтірілген жол-көлік оқиғасынің шығынды өтеу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат М. масаң күйде, автокөлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, азамат В-нің көлік құралын басқарып, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағыттымен келе жатқан азамат П-нің автокөлігімен соқтығысып, жәбірленушіге материалдық шығын келтірді. Осыған байланысты, азамат П. келтірілген шығынды өтеу туралы талап арызымен сотқа жүгінді.  

Есіл аудандық соты 2016 жылдың сот жұмысының қорытындысы бойынша брифинг өткізді

17/01/2017

Есіл аудандық сотының төрағасы Б.Нұрмағамбетов БАҚ өкілдері үшін 2016 жылдың сот жұмысының қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

2016 жылдың ішінде Есіл аудандық соты 675 азаматтық іс қарады, оның ішінде 165 азаматтық іс оңайлатылған іс жүргізуде, 21 азаматтық іс медиацияны қолданумен қарады.

Сандықтау аудандық соты Ашық есік күнін өткізеді

17/01/2017

Ақмола облысы Сандықтау аудандық соты  2017 жылдың 19 қаңтарында сағат 10.00-де Ашық есік күнін өткізеді.

Ашық есік күні сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етуге, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында өткізіледі. Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша азаматтармен заңды тұлғалардың өкілдерін сот төрағасы қабылдайтын болады.

Зеренді аудандық соты 2016 жылдың жұмысын қорытындылады

17/01/2017

2016 жыл ішінде Зеренді аудандық соты 810 азаматтық іс қарады, оның ішінде 13 азаматтық іс татауласу келісімін бекітуімен және 7 іс медиацияны қолданумен қаралды.

Сотпен 106 қылмыстық іс қаралып, оның ішінде 28 іс медиацияны қолданумен қаралған.

Сот анасына сыйламаушылық білдіргені үшін 2 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады

17/01/2017

Ақмола облысы Қорғалжын аудандық соты отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қарады.

Сот анықтағандай, ер азамат үйінде алкогольдік масаң күйде бола тұра, өзінің анасына былапыт сөйлеген. Осы әрекетімен, ер азамат анасының тыныштығын бұзып, оған сыйламаушылық білдірген.