Архив событий

23/09/2017

Ақмола облысының соттары сенбіліктер өткізді

23/09/2017

Ақмола облысының барлық соттарында аумақтарды тазалау мен абаттандыру бойынша сенбіліктер өткізді.

Сенбіліктер ұйымдасқан түрде өткізілді.

Сенбіліктің әрбір қатысушыға еңбек құралы  ұсынылды: қоқыс жинау қаптары, тырма, күректер, әк және қолғап. Соттар ғимаратының аумағында  әйелдер мен қыздар сылап,  сырлап,  сыпырып,  ал ер адамдар қоқысты жинап, соттардың аумағын ретке келтірді.