Архив событий

18/09/2017

Бурабай аудандық сотында көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты 277 әкімшілік іс қаралды

18/09/2017

Бурабай аудандық сотында 2017 жылдың басынан көлік құралын алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқарғаны үшін құқық бұзушыларға қатысты 277 Әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, 227 көлік жүргізуші Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасын бұзып,яғни   алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйінде көлік құралдарын жүргізген. Осы іс-әрекеттерімен көлік жүргізушілер жол қозғалысына қауіп төндірген.

Атбасар аудандық сотында айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті

18/09/2017

Атбасар аудандық сотында пробация қызметінің өкілдерімен Атбасар ауданының мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың қатысуымен айыппұлдарды өндіріп алу түріндегі тағайындалған жазаларды орындау мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар мемлекет пайдасына айыппұлдарды өндіріп алу бөлігіндегі сот үкімдерін ұзақ уақыт орындамаған жағдайдағы  мәселелерін талқылады.

Сот үкімі шығарылады

18/09/2017

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде сағат 10.00-де Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (Потанин көшесі 46А мекен-жайы бойынша) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтіру) және 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) қылмыстар жасады деп айыпталған Константин Плюснинге қатысты сот үкімі шығарылады.

 

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі

55-97-83