Архив событий

12/09/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы облыс соттарының 2017 жылдың 8 айының жұмыс қорытындысы бойынша кеңес өткізді

12/09/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров 2017 жылдың 8 айының жұмыс қорытындысы бойынша аудандық соттардың төрағалары және кеңсе меңгерушілерімен кеңес өткізді. Кеңеске сот алқаларының төрағалары, облыстық сот судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттарының төрағалары, Соттар әкімшісінің басшысы, Соттар әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен жергілікті соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты.

Степногорск қалалық сотында сот актілерінің орындалу мәселелері талқыланды

12/09/2017

Степногорск қалалық сотында ішкі істер органдары мен сот орындаушылардың қатысуымен «Сот актілерінің орындалуы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Сот төрағасы М.Ахметов сот актілерін орындау бойынша баяндама жасай отырып, сот актілерінің орындалуы сот жұмысын қорытындылайтын сатысы болып табылатындығы туралы атап өтіп, осыған байланысты «дөңгелек үстелге» қатысушыларға аталған бағыт бойынша жұмысты арттыруды ұсынды.

Атбасар аудандық соты «Ашық есік күнін» өткізеді

12/09/2017

2017 жылдың 19 қыркүйегінде сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Атбасар ауданының тұрғындары үшін «Ашық есік күнін» өткізеді.

«Ашық есік күні» сот төрелігінің ашықтығын қамтамасыз етуге, азаматтардың тұрғындарға сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында өткізіледі. Барлық қызықтыратын сұрақтар бойынша заңды тұлғалардың өкілдеріне және азаматтарға Бұланды аудандық сотының төрағасы Б.Қонақбаев қабылдайды.

Азаматтық істерді оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібінде қарау

12/09/2017

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 144-146-баптарына сәйкес, судья істерді арыз қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Сот талап қою арызын іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады, онда істің оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатындығын көрсетеді.       

Сот тараптарды хабарландырып, жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, он бес жұмыс күні ішінде талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгілейді.

Есіл аудандық сотында 125 құқық бұзушыларға қатысты көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырумен әкімшілік істер қаралды

12/09/2017

Есіл аудандық сотында  2017 жылдың басынан көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарған азаматтарға қатысты 125 әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, аталған азаматтар алкогольдік және есірткілік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарып, Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлімнің 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, осы іс-әрекеттерімен жол қозғалысына қауіп төндірген.

Сотқа құрметтемеушiлiк көрсеткені үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды

12/09/2017

Сандықтау аудандық сотында сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін азамат Е-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат Е. сот отырысына шақыру туралы хабардар бола тұра, жауапкер ретінде тағайындалған сот отырысына дәлелді себептерсіз келмей, сотқа құрметтемеушiлiк білдірген.

2017 жылдың басынан Сандықтау аудандық сотымен 20 жекеше қаулы шығарылды

12/09/2017

«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 826-бабына сәйкес, заңдылықты бұзу жағдайлары айқындалған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар анықталған кезде судья жекеше қаулы шығарады. Соттың жекеше қаулысына оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шешімі шағым жасалуға, наразылық келтіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Сотқа құрметтемеушiлiк көрсеткені үшін сот азаматтарға әкімшілік жаза тағайындады

12/09/2017

Ақмола облысы Бурабай аудандық сотымен 2017 жылдың басынан, процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты немесе судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) үшін 3 тұлғаға қатысты әкімшілік істер қаралған.

Сот Өзбекстан Республикасы азаматына Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жаза тағайындады

12/09/2017

Ерейментау аудандық сотында Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін азамат М-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулысымен азамат М.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 517-бабының 4-бөлігімен («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Сот алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады

12/09/2017

Ерейментау аудандық сотында Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзғаны үшін азаматша А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, дәмханада бармен болып жұмыс істейтін азаматша А. 21 жасқа толмаған азаматша Т-ға алкогольдік өнімді сатқан.        

Аршалы аудандық сотында «Медиация және партисипативтік рәсім» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

12/09/2017

Аршалы  аудандық сотының төрағасы Б.Нұрмағамбетов заңгерлік кеңес бөлімі адвокаттарының қатысуымен «Медиация және партисипативтік рәсім» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.