Архив событий

22/09/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы облыстың төрт ауданында кездесулер өткізді

22/09/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Астрахан, Егіндікөл, Целиноград және Қорғалжын аудандарына жұмыс сапарында аудан белсенділері және тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды қабылдады.  

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар сабағы өтті

22/09/2017

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында хаттаманы құрастыру және әзірлеу мәселелері бойынша сот қызметкерлері арасында семинар сабағы өтті.

Судья А. Қосжанов әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы қалыптастыру мәселелеріне тоқталды. Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жаза қолдануға екі жағдайда ғана жол беріледі: сот отырысы кезінде және одан тыс кезінде. Бұл факт сот отырысының хаттамасында көрсетілді. Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы шешім  үш күн ішінде мүдделі тұлғаға жолданады.

Степногорск қалалық сотында медиацияны қолдану туралы «дөңгелек үстел» өтті

22/09/2017

Степногорск қалалық сотында судьялар, прокуратура, ішкі істер басқармасының өкілдері және медиаторлардың қатысуымен медиацияны қолдану туралы «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелде» қылмыстық сот ісін жүргізу барысында орташа және ауыр емес қылмыстық істер бойынша медиация рәсімін қолдану тәртібі түсіндірілді.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар кәсіби және кәсіби емес медаиторлардың қатысуымен  қаралатын  істер бойынша  өзінің пікірлерімен алмасты.

Ағымдағы жылдың басынан жол-көлік оқиғаларымен байланысты 524 әкімшілік іс қаралды

22/09/2017

Көкшетау қаласының мамандырылған әкімшілік сотымен 2017 жылдың басынан жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылықтарды жасағаны үшін 524 көлiк құралдары жүргiзушiлеріне қатысты әкімшілік істер қаралған.

Сот анықтағандай, 524 жүргізуші көлік құралдарын басқара отырып, Қазақстан Республикасының Жол жүру Ережесінің талаптарының бұзылуына жол беріп, бұл іс-әрекетімен жол қозғалысына қауіп төндірген.

Сандықтау аудандық сотында хаттамаларды мемлекеттік тілде рәсімдеу мәселелері талқыланды

22/09/2017

Сандықтау аудандық сотының төрағасы Азамат Аймұхамедов  «Хаттамаларды мемлекеттік тілде рәсімдеу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді. «Дөңгелек үстелге» прокуратура, адвокатура, Сандықтау ауданының пробация қызметі, ішкі істер бөлімі, мемлекеттік кірістер бойынша басқармасы, төтенше жағдайлар бөлімі және Сандықтау аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының өкілдері қатысты.

Кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін өзгерту туралы азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібімен қаралды

22/09/2017

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін өзгерту туралы азаматтық іс қаралды.

Сотта партисипативтік рәсім тәртібімен тараптар келісімге келіп, талапкер өз талабынан бас тартты, ал кәмелетке толмаған бала анасымен тұратын болды.

Сот партисипативтік рәсімді бекітті. Кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін өзгерту туралы азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібімен бекітуіне байланысты тоқтатылды.

 

Атбасар аудандық сотында «Татуластыру рәсімдерін қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

22/09/2017

Атбасар аудандық сотының төрағасы Бахыт Қонақбаев Макеевка ауылдық округіне шығып, округ әкімі А. Тоқжұманова мен кәсіби емес медаитор Т. Старцеваның қатысуымен «Татуластыру рәсімдерін қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Бурабай аудандық сотында медиаторлардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

22/09/2017

Бурабай аудандық сотында Бурабай ауданының Кенесары, Қотыркөл, Зеленобор, Абылайхан ауылдық округінің медиаторларымен «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрағасы Абзал Балабеков медиацияны дамытудың маңыздылығын, кәсіби емес медиаторлардың тізімін кенейту және жергілікті қоғамдастық мүшелерімен медиацияны жүргізу қажеттігін айтты.

Шортанды аудандық соты және «Поляне» Шортанды аудандық поляктар қоғамы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

22/09/2017

Шортанды аудандық сотының төрағасы Қанат Бейсекеев және ҮЕҰ «Поляне» Шортанды аудандық поляктар қоғамының басшысы Людмила Репринцева  дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын қолдануын кеңейту және жан-жақты дамыту туралы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Меморандумға, татуластыру рәсімдерін насихаттау бағытында және татуластыру рәсімдерін қолдану мүмкіндіктері туралы түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында қол қойылды.  

Атбасар аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

22/09/2017

Атбасар аудандық сотының төрағасы Бақыт Қонақбаев аудан тұрғындарына «Ашық есік күнін» өткізді.

«Ашық есік күнін» өткізудің және ұйымдастырудың басты мақсаты - сот органдарының ашықтығы мен азаматтарға сот төрелігінің қолжетілімдігін қамтамасыз ету.

Осы күні аудандық сотына жүгінген азаматтарға заңнамалар бойынша түсініктемелер берілді.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мәденеиет, өнер қайраткерлерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

22/09/2017

Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген «дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша бекітілген іс-шараларды іске асыру мақсатында Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Көкшетау қаласының мәдениет, өнер қайраткерлері, судьялар мен сот мамандарының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті. «Дөңгелек үстелдің» арнайы қонақтары ақын, жазушы, халық композиторы Иран Тасқара мен «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақыт Смағұл қатысты. 

Жарқайың аудандық сотының төрағасы медиацианы қолдану және дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді

22/09/2017

Жарқайың аудандық сотының төрағасы Николай Костырев қалалық және барлық ауыл округінің әкімдерімен  кездесу өткізді, кездесудің  негізгі мәселесі – медиацияны қолдану және оны қоғамда дамыту бойынша мәселелерге түсініктеме беру.

Кездесуде сөз сөйлеген сот төрағасы өз баяндамасында,  медиацияның мақсаты - бұл дауды шешуде екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету - деді.

  Өткізілген іс-шараны қорытындылай келе, сот төрағасы, медиация институтын дамыту, оны сауатты насихаттау мен осы рәсімнің артықшылықтарын түсіндіру жұмыстары айтарлықтай сот даулары санының қысқаруына әкеледі, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін көтеріп, азаматтық қоғамда дауларды төмендетуге мүмкіндік беретінің айтып шықты.

   Сот төрағасымен, медиацияны қолдану мәселелерге түсініктеме беру бойынша сот органымен ынтымақтастық жолы арқылы, ауыл округінің әкімдеріне кәсіпқой емес медиаторлармен жұмыс жасауға ұсыныс берілді.

 Іс-шараға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, туындаған сұрақтар бойынша түсіндірмелер берілді.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барды

22/09/2017

Рухани жаңғыру бойынша іс шараларды іске асыру мақсатында, Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары мен ақын Иран Тасқара және журналист Бахыт Смағұл Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласында егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адаса бастайтыны туралы атап өтілген.

Бұланды аудандық сотында 49 азаматтық іс бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібінде қаралды

22/09/2017

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 134-бабына сәйкес, сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады. Сот бұйрығы бойынша өндіріп алу сот шешімдерін орындау үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Степногорск қалалық сотының судьясы С.Кенжеғұлова кәсіби емес медиаторлармен және Изобильный, Бестөбе, Бөгембай ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесті

22/09/2017

Степногорск қалалық сотының судьясы С.К.Кенжеғұлова кәсіби емес медиаторлармен және Изобильный, Бестөбе, Бөгембай ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, «Медиация туралы» заңын қолдану мәселелерін түсіндіріп, тұрғындарға құқықтық көмек көрсетті.

Кездесуге поселкілік әкімдер, Степногорск қаласының прокуроры және кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Сот кәмелетке толмағандарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 10 іс қарады

22/09/2017

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2017 жылдың басынан кәмелетке толмаған тұлғаларға қатысты 10 әкімшілік іс қаралды. Кәлеметке толмаған тұлғалар Көкшетау қаласында темекі тұқылы мен шекілдеуіктің қабығын жерге тастап, ортақ пайдалану орындарды ластаған. Осыған байланысты кәмелетке толмағандарға қатысты уәкілетті тұлғалармен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастылырған.