Архив событий

29/09/2017

Қорғалжын аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

29/09/2017

Қорғалжын аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті. Азаматтарға арналған «Ашық есік күні» Қорғалжын аудандық сотында ай сайын өткізіледі. Бұл күні аудандық сотқа жүгінген азаматтардың әрқайсысына судья Аскар Зиада қойылған сұрақтар бойынша тиісті заңдарға сілтеме жасап, қарау мерзімдерін көрсетіп толық жауап берді.

Соттардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, Қорғалжын аудандық соты азаматтар үшін «Ашық есік күнін» ай сайын өткізеді.

 

Астрахан аудандық сотында мемлекеттік тілді дамыту мәселері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

29/09/2017

Астрахан аудандық сотының төрағасы Алексей Ан прокуратура, ішкі істер бөлімі, мемлекеттік кірістер, жергілікті әкімдік өкілдері және адвокаттардың қатысуымен мемлекеттік тілді дамыту мәселері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстелде» сот төрағасы баяндама жасады. «Дөңгелек үстелге» қатысушылар баяндаманы талқылап, сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі ұсыныстар енгізді.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында «Медиация туралы» Заңды қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел өткізді»

29/09/2017

Ақмола облысының Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында «Медиация туралы» Заңды қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстелге» Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ-нің медиаторлары және прокуратура органдарының өкілдері қатысты.