Архив событий

21/09/2017

Целиноград аудандық сотында медиация институтын қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

21/09/2017

Целиноград аудандық сотында дауды сотқа дейін реттеу тәртібі, медиация институтын қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрағасы Төлеген Тұрғамбаев, медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы және пилоттық жобаның негізгі міндеттері: татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын барынша азайту, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеу мүддесін анықтау-деп айтты.

Ақмола облысының соттарында істер татуластыру рәсімдерін қолданумен қаралуда

21/09/2017

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарында азаматтық, қылмыстық  және әкімшілік істер бітімгершілік келісім жасау, медиацияны қолдану және партисипативтік рәсім тәртібімен каралды.

Мысалы, Ақкөл аудандық сотында ұрлық жасады деп айыпталған азамат З-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сотқа жәбірленушіден сотталушымен медиация тәртібімен татуласуына және келтірген зиянды толық өтеуіне байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат түсті.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Егіндікөл ауданының белсенділері және тұрғындарымен кездесті

21/09/2017

Аудан белсенділері және тұрғындармен кездесуде Ақмола облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров сот жүйесімен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылуы, сот ісін жүргізудегі өзгерістер, адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту мақсатында қылмыстық процесті реформалау туралы айтып өтті. Досжан Әміров қылмыстық-процестік заңнамадағы өзгерістерді түсіндірді.

Бұланды аудандық сотында мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

21/09/2017

Бұланды аудандық сотында мемлекеттік тілді дамыту мақсатында аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы, әкімдік, коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

Еңбекшілдер аудандық сотында «Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауапталыққа тарту» тақырыбында семинар сабағы өтті

21/09/2017

Еңбекшілдер аудандық сотының аға сот приставы Бейбіт Әлімжанов «Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту» тақырыбында семинарлық сабақ өткізді.

Семинарлық сабақта сотта белгіленген қағидаларды бұзған және сотқа құрметтемеушiлiк көрсеткен азаматтарды әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселелері талқыланды.

Сот қызметкерлері Ақмола облыстық сотының хаттама құрастыру және материалды жинақтау  туралы   біріңғай сот тәжірибесін қалыптастыру бойынша ұсыныстарымен  танысты.

Есіл аудандық сотының төрағасы Красивинск ауылдық округінің, Свободное және Ақсай ауылдарының тұрғындарымен медиацияны дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді

21/09/2017

Есіл аудандық сотының төрағасы Қазбек Әбішев Красивинск ауылдық округінің, Свободное және Ақсай ауылдарының тұрғындарымен медиацияны дамыту мәселелері  бойынша кездесу өткізді.

Сот төрағасы Қ.Әбішев кездесуде медиация институты дауларды шешудің ерекше рөлін атқаратынын, сот жұмысындағы жүктемелердің төмендетуіне және дауларды шешудің әдісі екенін айтты.

Сот төрағасы сот тәжірибесінен даулы жағдайдағы тараптарды татуластыратын дауды тиімді шешетін мысалдарды келтірді.