Архив событий

27/09/2017

Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

27/09/2017

Еңбекшілдер аудандық сотының төрағасы м.а. Т.Жұмақаев және  Еңбекшілдер ауданының  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің  басшысы Г. Жақсыбергенова өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген бағдар бойынша және «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» Жоғарғы Сотта өткізілген «дөңгелек үстел» резолюциясын іске асыру бойынша өзара іс-әрекеттерді нығайту болып табылады.

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «дөңгелек үстел» өтті

27/09/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында судьялар, Ақмола облысының мемлекеттік кірістер департаменті және прокуратура өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» басында заңды тұлғаларды тарату және жеке кәсіпкерлердің қызметін тоқтату туралы істерді қарау кезінде туындайтын сұрақтар, сонымен қатар, «Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының ережелері және азаматтық сот өндірісінде прокурорлардың қатысуы мәселесі талқыланды.

Бұланды аудандық сотында медиацияны қолданумен 120 іс қаралды

27/09/2017

Бұланды аудандық сотында азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша медиация институты белсенді қолдануда.

«Медиация туралы» ҚР Заңының 1-бабына сәйкес, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын  даулар (жанжалдар) және атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар медиацияның қолданылу саласы болып табылады.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемелекеттік тілді дамыту мақсатында «дөңгелек үстел» өтті

27/09/2017

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҮЕҰ, ішкі істер басқармасы, білім басқармасы, прокуратура және ювеналдық полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік тілді дамыту  мақсатында «дөңгелек үстел» өтті.  

Сот төрайымы А.Жұматова «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын түсіндіріп, соттардың ішкі құжат айналымда қазақ тілін қолдану аясын кеңейту бойынша жұмыстары белсендендірілгені туралы және талап арыздармен істерді мемлекеттік тілде жолдау үшін шара қолдану қажеттілігі жөнінде айтты.

Көкшетау қалалық сотында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында семинар өтті

27/09/2017

Көкшетау қалалық сотында сот қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында семинар өтті.

Судья А.Аймурзинова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын түсіндіріп, кәсіби қызметінде және қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметкерлердің әдеп нормаларын қатаң сақтау және процессуалсыз қатынастардың болдырмауын айтты.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «дөңгелек үстел» өтті

27/09/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Баланы асырап алу туралы істерге қатысты сот тәжірибесі және заңдарды қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Ақмола облыстық сотының судьялары Ботагөз Оспанова мен Алтын Шойынбекова, Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айсұлу Жұматова, судьялар және мамандар қатысты.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының төрайымы Айсұлу Жұматова «Толағай» атты байқауына қазылар алқасының мүшесі ретінде катысты

27/09/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айсұлу Жұматова  «Толағай» атты отбасылық байқауына қазылар алқасының мүшесі ретінде катысты. Жас отбасыларды қолдау, жастарды өнерге өзін-өзі дамыту үшін жағдай тудыруға, отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында және мемлекеттік әлеуметтік тапсырысың орындау аясында «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығы» қоғамдық қоры Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығымен бірлесіп «Толағай» атты отбасылық байқауын өткізді.

Ақмола облыстық сотында Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенттерімен кездесу өтті

27/09/2017

Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген «дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша бекітілген іс-шараларды іске асыру аясында Ақмола облыстық соты Абай Мырзахметов атындағы университетімен бірлесіп облыстық соттың ғимаратында еңбек және даңқ Залы және Ақмола облысы соттары тарихының мұражайын тамашалау үшін студенттерге арналған кездесу ұйымдастырды.