Архив событий

14/09/2017

Сот мемлекеттік инспекция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік айыппұл тағайындады

14/09/2017

Шортанды аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, жеке кәсіпкерге Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылғандығын жою туралы ұйғарымы берілген. Қосымша тексеру барысында құқық бұзушы жұмысшыларға еңбек ақыны төлеу мен мерзімі өткен өсімақыны төлеу туралы ұйғарымды орындамаған.   

Аршалы аудандық сотының төрағасы Ижевск ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді

14/09/2017

Аршалы аудандық сотының төрағасы Б.Нұрмағамбетов дауларды (жанжалдарды) жекелеген санаттары бойынша дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасын іске асыру туралы Ижевск ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ақмола облыстық сотында сот әкімшілігі мәселелері бойынша халықаралық сарапшылармен кездесу өтті

14/09/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Қазақстанда сот әкімшілігін жетілдіру бойынша халықаралық сарапшылар азамат Берт Маан және Рэймонд Джон Бернингхаммен кездесу өткізді.

Ақкөл аудандық сотында сот актілерін ұзақ уақыт орындалмау мәселелері талқыланды

14/09/2017

Ақкөл аудандық сотында прокуратура өкілдері, ішкі істер бөлімі, Әділет басқармасы, сот орындаушылардың қатысуымен сот актілерін ұзақ уақыт орындалмау мәселелерін талқылау жөнінде «дөңгелек үстел» өтті.  

«Дөңгелек үстел» барысында мемлекет пайдасына өндіріліп алатын айыппұлдар,  мемлекеттік баж соммалары  бөлігіндегі сот актілердің ұзақ уақыт орындалмауы,  орындалмаған сот актілерінің басқа түрлері, оларды шешудің жолдары туралы мәселелер талқыланды.

Ағымдағы жылдың басынан 395 тұлға көлік құралын басқару құқығынан айырылды

14/09/2017

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандырылған әкімшілік сотымен 2017 жылдың басынан көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарған адамдарға қатысты 450 әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, жоғарыдағы аталған құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының Жол жүру Ережесінің 2-бөлімі 4-тармағы 2-тармақшасының талаптарын бұзып, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйінде көлік құралдарын жүргізген, яғни бұл іс-әрекетімен жол қозғалысына қауіп төндірген.

Бұланды аудандық сотымен 2017 жылдың 8 айында 58 құқық бұзушыға әкімшілік жазалар тағайындалды

14/09/2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлігі 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.

Аталған талаптарды бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексімен жауапкершілік көзделген.

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар сабақ өтті

14/09/2017

Ақмола облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялар мен сот мамандары  «Қылмыстық істер бойынша сараптаманы тағайындау және оның дәлел үшін маңыздылығы. Қылмыстық істерді жоғарғы сатыларға жіберу кезінде дұрыс ресімдеудің тәртібі» тақырыбында семинар сабақ өткізілді.

Қорқытып алғаны үшін сот 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындады

14/09/2017

Еңбекшілдер аудандық сотында азамат П-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, яғни ол кәмелетке толмағандардан бірнеше рет күш қолдану арқылы қаражатты қорқытып алу түрінде иемденген.

Сотқа дейінгі тергеу кезінде прокурор сотталушымен кінәсін мойындау туралы процессуалдық келісім жасалған.

Еңбекшілдер аудандық соты мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді

14/09/2017

Еңбекшілдер аудандық сотында аудандық ішкі істер бөлімінің, мемлекеттік кірістер басқармасының, аудандық прокуратура және аудан әкімінің құқықтық бөлімінің өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік тілде дамыту мақсатында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Сот төрағасының міндетін атқарушы Т.Жұмақаев мемлекеттік тілде түскен істердің санына назар аударып, Қазақстан Республикасындағы тіл туралы заңын түсіндірді.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында мемлекеттік органдардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

14/09/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Әділет департаменті өкілдерінің және Ақмола облысының аумақтық жеке сот орындаушыларының қатысуымен "Сот актілерін орындауда туындайтын сұрақтар» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Ерейментау ауданының әкімдігінде «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңы тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

14/09/2017

Ерейментау ауданының әкімдігінде аудан әкімінің, ауылдық округтерінің әкімдері, медиаторлардың қатысуымен «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы  Заңы тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Степногорск қалалық соты дөңгелек үстел өткізді

14/09/2017

Степногорск қалалық сотында Бестөбе, Заводской, Аксу, Қарабұлақ кенттерінің әкімдері, Степногорск қалалық әкімдігінің ақппарат жетекшісі және прокуратура, адвокаттар  кеңсесінің өкілдері қатысуымен «Медиация сізге көмек» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрағасы М.Ахметов өзінің баяндамасында медиацияны қолданудың өзектілігін атап өтіп,  медиацияны қолданудағы  көкейтесті мәселерді талқылап, тараптарға жанжалсыз келісімге келіп, арақатынастарын тұрақты сақтап қалуға мүмкіндік туады.

Бурабай аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндіріс жүзеге асыратын органның әрекеттеріне 15 шағым қаралды

14/09/2017

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 44 тарауына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа шағым жасалуы мүмкін. Бұл Кодексінің тарау бойынша жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға шағым жасау мүмкіндік береді.

Целиноград аудандық сотында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңы және «Ақмола облысының судья майдангер» тақырыбында банер мен билборд орнатылды

14/09/2017

Целиноград аудандық сотында дауларды сотқа дейін шешу мәселесіне қатысты сотқа келуші тараптарға дауды медиация арқылы шешу, қоғам арасында насихаттау жұмыстардың жүргізілуін іске асыру, халықтың татуластыру рәсімдеріне қызығушылығын арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі күні аудандық сот ғимаратының алдында ««Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңы» және «Ақмола облысының судья  майдангер» екі баннер орнатылған.

Сот шешімін орындамағаны үшін сот ер азаматқа әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындады

14/09/2017

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Азамат д. көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, автокөлікті басқарған. Осы әрекетімен уәкілетті тұлғамен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастылырған.

Сот отырысында құқық бұзушы сот қаулысын орындаудан бас тартқанын толық мойындап, хаттамада көрсетілген мән-жайларды растады.

Есіл аудандық сотының төрағасы ауылдық округ әкімдерімен медиацияны дамыту мәселелері бойынша семинар өткізді

14/09/2017

Есіл аудандық сотының төрағасы Қазбек Әбішев ауылдық округ әкімдерімен, адвокаттар, медиаторлар, ҮЕҰ-ның өкілдерімен семинар өткізді.  

Сот төрағасы Қ.Әбішев өз сөзінде соттардың жұмысындағы жүктемелердің төмендеуіне, медиация институты – дауларды шешудің ерекше рөлін атқаратынын атап өтті. Сонымен қатар, медиация процедурасының теориялық аспектілерін ғана емес, дауға қатысушыларды татуластыру сұрақтарын шешетін пәрменді шешілген сот тәжірибесіндегі өмірден алынған мысалдар  талқыланды.