Архив событий

25/09/2017

Ақкөл аудандық сотында полиция учаскелік инспекторларының қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

25/09/2017

 

Ақкөл аудандық сотында Ақкөл аудандық ІІБ бастығының орынбасары А.Баймұрзинның, полиция учаскелік инспекторларының  қатысуымен «Сотты құрметтемеушілік», «Іс жүргізу тілі» тақырыптарында «дөңгелек үстел»  өтті.  

   «Дөңгелек үстел» барысында сотты құрметтемеушілік және әкiмшiлiк құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізу тілі туралы мәселелер талқыланды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бойынша жұмыстар атқару қажеттілігі айтылды.

Бұланды аудандық сотында сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік іс қаралды

25/09/2017

Бұланды аудандық сотында сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін азамат Б-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

 Сот анықтағандай, азамат Б., азаматтық іс бойынша жауапкер бола тұра, сот отырысына дәлелсіз себептермен келген жоқ. Осы әрекетімен, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен және оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды

25/09/2017

Ақкөл аудандық соты сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін екі азаматқа қатысты әкімшілік іс қарады.

Азаматтар сот отырысына орташа дәрежедегі алкогольдік масаң күйінде келген, ол медициналық куәландыру актісімен расталды.

Сот қаулыларымен екі азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен («Сотты құрметтемеушілік») көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 1 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Бұланды аудандық сотында азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібімен тоқтатылды

25/09/2017

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес, сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 181 және 182-баптарына сәйкес, тараптар АПК көзделген қағидалар бойынша сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы өтінішхатты мәлімдеуге құқылы.

Іскерлік репутатцияны қорғау туралы дау медиативті келісім жасаумен тоқтатылды

25/09/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында іскерлік репутацияны қорғау туралы азаматтық іс кәсіпқой медиатордың қатысуымен қаралды,

Кәсіпқой медиатордың қатысуымен тараптар  медиативтік келісім жасап, аталған мәселемен сотқа және құқық қорғау органына енді жүгінбеуге  міндеттенді, берілген талап арыздар қайтарып алынды.

Сот ұйғарымымен  медиативтік келісім бекітілді.Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Төленген мемлекеттік бат қайтарып берілді.

Сандықтау аудандық сотында «Сот бұйрықтарын электронды формата шығару туралы өтініштерді қарау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

25/09/2017

Сандықтау аудандық сотында «Шантобе-энергокомплекс» ЖШС және Сандықтау ауданының «Казахтелеком» АҚ-ның өкілдерінің қатысуымен «Сот бұйрықтарын электронды форматта шығару туралы өтініштерді қарау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.  

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Көкшетау қаласының коммуналдық мекемелер өкілдерінің қатысуымен семинар өтті

25/09/2017

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Көкшетау Жылу», «Көкшетау Су Арнасы» және «Тазалық» МКК-ның өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.

Семинар барысында Көкшетау қаласының коммуналдық мекемелерінің өкілдеріне коммуналдық төлемдер бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы арыздарды Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің 12 тарауымен көзделген бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібі аясында қаралуы түсіндірілді.