Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Көкшетау қаласының коммуналдық мекемелер өкілдерінің қатысуымен семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Көкшетау Жылу», «Көкшетау Су Арнасы» және «Тазалық» МКК-ның өкілдерінің қатысуымен семинар өтті.

Семинар барысында Көкшетау қаласының коммуналдық мекемелерінің өкілдеріне коммуналдық төлемдер бойынша қарыз сомасын өндіріп алу туралы арыздарды Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің 12 тарауымен көзделген бұйрық арқылы іс жүргізу тәртібі аясында қаралуы түсіндірілді.

Сот төрағасы семинар қатысушыларына «Сот кабинеті» электрондық жүйесінің артықшылығын, сонымен қатар, электронды сандық қолтаңбаны сот ғимаратында тікелей  алу мүмкіндігі бар екенін хабардар етті.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі