Бурабай аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндіріс жүзеге асыратын органның әрекеттеріне 15 шағым қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 44 тарауына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа шағым жасалуы мүмкін. Бұл Кодексінің тарау бойынша жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға шағым жасау мүмкіндік береді.

Бурабай аудандық сотында 2017 жылдың басынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға, жеке және заңды тұлғалардан түскен 15 шағым қаралған және 13 шағым қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулылар шығарылды.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі