Ағымдағы жылдың басынан жол-көлік оқиғаларымен байланысты 524 әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкшетау қаласының мамандырылған әкімшілік сотымен 2017 жылдың басынан жол жүрісі қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан бұзушылықтарды жасағаны үшін 524 көлiк құралдары жүргiзушiлеріне қатысты әкімшілік істер қаралған.

Сот анықтағандай, 524 жүргізуші көлік құралдарын басқара отырып, Қазақстан Республикасының Жол жүру Ережесінің талаптарының бұзылуына жол беріп, бұл іс-әрекетімен жол қозғалысына қауіп төндірген.

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулыларымен 524 құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 610-бабында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына әкімшілік айыппұл жазасы  тағайындалды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі