Архив событий

30/10/2017

Ақмола облысының соттарында істер медиативтік келісім бекітумен және тараптардың татуласуымен қаралуда

30/10/2017

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарында тараптардың татуласуымен және медиативтік келісім жасауымен қаралуда.

Атап айтсақ, Аршалы аудандық сотында    сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы азаматтық іс қаралды. Сотта  тараптар  келісім жасап, жанжалды реттеді.

Сонымен қатар, Зеренді аудандық сотында алимент өндіру және неке бұзу туралы азаматтық істер медиативтік келісім жасаумен қаралды.

Қорғалжын аудандық сотында «Төрелік» құжат айналымы ақпараттық жүйесін пайдалану сұрақтары бойынша семинар өтті

30/10/2017

Қорғалжын аудандық сотында сот мамандары мен сот мәжілісі хатшыларының қатысуымен «Төрелік» құжат айналымы ақпараттық жүйесін пайдалану» тақырыбында семинар сабағы өтті.

Кеңсе меңгерушісі Б.Изахметов «Төрелік» ақпараттық жүйесін пайдаланудағы кейбір сұрақтарды (жүйеге ақпарат еңгізу, сот актілерін салу, сот отырысы барысында құжаттарды қосу, СМС хабарландыру және басқалары) түсіндірді.