Архив событий

25/10/2017

Ерейментау аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

25/10/2017

Ерейментау аудандық сотында аудан тұрғындары үшін «Ашық есік күні» өтті.

«Ашық есік күнін» өткізудің басты мақсаты аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімділігін қаматамасыз ету.

«Ашық есік күні» алиментті өндіріп алу мәселелері бойынша азаматтық-құқытық қатынас, еңбек заңнамасының бұзылуы, материалдық залалды өндіріп алу туралы сот актісінің ұзақ мерзім орындалмау мәселелері түсіндірілді. 

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның әрекеттеріне 195 шағым қаралды

25/10/2017

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2017 жылдың басынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға жеке және заңды тұлғалардан түскен, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 44 тарауы бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)» 195 шағым қаралды.

«Электронды сот төрелігінің» мүмкіндіктері және сот органдарының Ахуалдық орталығын таныстыру өткізіледі

25/10/2017

2017 жылдың 27 қазанында сағат 10.00-де Ақмола облыстық сотында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен БАҚ-ның өкілдері үшін «электронды сот төрелігінің» мүмкіндіктері және сот органдарының Ахуалдық орталығын таныстыру өткізіледі.

Іс-шараның ұйымдастырушылары - Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісі.

 

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі
Тел.:55-97-83

Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 206 шетел азаматы әкiмшiлiк жазаға тартылды

25/10/2017

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында, 2017 жылдың басынан шетелдiк азаматтарымен Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 206 әкімшілік іс қаралды. Құқық бұзушылар Ресей Федерациясының, Өзбекистан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Грузия Республикасының азаматтары.

Еңбекшілдер аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

25/10/2017

Еңбекшілдер аудандық сотында Степняк қаласының орта мектебінің оқушылары үшін «Ашық есік күні» өтті.

Сот төрағасының міндетін атқарушы Төлебек Жұмақаев оқушыларға Қазақстан Республикасының сот жүйесі туралы, дыбыс-бейне жүйесін пайдаланумен процестерін жүргізу, «Сот кабинеті»электрондық сервисі  туралы түсіндірді. Сонымен қатар, үздік IT-технологияларды қолдану туралы айтты.

Ақмола облысы соттарында «Электронды сенімхат» қызметі мен сот органдарының Ахуалдық орталығының жұмысын түсіндіру бойынша семинарлар өтті

25/10/2017

Ақмола облысы соттарында «Электронды сенімхат» қызметі мен сот органдарының Ахуалдық орталығының жұмысын түсіндіру бойынша семинарлар өтті.

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айсұлу Жұматова Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығының функциясы мен қызмет тәртібін түсіндірді.                            

2017 жылдың басынан көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін 86 көлік жүргізушіге қатысты әкімшілік істер қаралды

25/10/2017

Сандықтау  аудандық сотында 2017 жылдың басынан көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарған азаматтарға қатысты 86 әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтауы бойынша құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының Жол жүру Ережесінің 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйінде көлік құралдарын жүргізген. Яғни бұл іс-әрекетімен көлік жүргізушілер жол қозғалысына қауіп төндірген.

Сандықтау аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 37 әкімшілік іс қаралды

25/10/2017

Сандықтау аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 37 әкімшілік іс қаралды.

Сотта, 10 азаматқа қатысты әкімшілік істер жәбірленушілердің құқық бұзушылармен татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылды.

Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен аудандық соттардың төрағалары мен судьялар тағайындалды

25/10/2017

Ақмола облыстық сотының судьялар кеңесінде облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров аудандық және оларға теңестірілген соттардың жаңа тағайындалған төрағалары мен судьяларды таныстырды.

Көкшетау қалалық сотында семинарлар өтті

25/10/2017

Көкшетау қалалық сотында адвокаттардың қатысуымен «Сот кабинеті» сервисі шеңберінде әзірленген «Электрондық сенімхат» қызметін түсіндіру бойынша семинар өтті.

Төрағаның міндетін атқарушы Б.Әлжанов «Сот кабинеті» сервисіне тіркелген пайдаланушылардың сотқа электронды сенімхатты жолдау мүмкіндік беретін «Электрондық сенімхат» қызметін түсіндірді.