Архив событий

26/10/2017

«Электронды сот төрелігінің» мүмкіндіктері және сот органдарының Ахуалдық орталығын таныстыру өткізіледі

26/10/2017

2017 жылдың 27 қазанында сағат 10.00-де Ақмола облыстық сотында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен БАҚ-ның өкілдері үшін «электронды сот төрелігінің» мүмкіндіктері және сот органдарының Ахуалдық орталығын таныстыру өткізіледі.

Іс-шараның ұйымдастырушылары - Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісі.

 

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі
Тел.:55-97-83

 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жекеше қаулы шығарылды

26/10/2017

Жарқайың аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша Ақмола облысы ІІД-нің атына жекеше қаулы шығарылды.

Сот қаулысымен азамат А.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Бурабай аудандық сотында сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік іс қаралды

26/10/2017

Бурабай аудандық сотында сот отырысына масаң күйінде келіп, сотқа құрметтемеушiлiк білдіргені үшін азамат С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Осыған байланысты алкогольдік масаң күйде болғаны туралы медициналық куәландыру актісі негізінде Қазақстан Республикасы Кодексінің 653-бабы бойынша («Сотты құрметтемеушілік») әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Сот қаулысымен азамат С. құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге қамаққа алу түріне әкімшілік жаза тағайындалды.

Ақмола облысы соттарында «дөңгелек үстелдер» өткізілді

26/10/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  азаматтық қорғаныс көп салалы колледжінің студентерінің қатысуымен «Неке және отбасы құндылықтары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараның басты мақсаты отбасы қарым қатынасын күшейту, жастардың қазіргі заман жағдайларына сәйкес әлеуметтік ұстанымына қолдау көрсету, отбасы құндылықтарын, салт-дәстүрлерін жетілдіру және насихаттау болып табылады.