Архив событий

03/10/2017

Ақмола облысының судьялары мен прокурорлары «Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы» тақырыбын талқылады

03/10/2017

Ақмола облыстық сотында судьялар мен прокурорлар «дөңгелек үстел» басында кездесіп, «Прокурордың азаматтық сот ісін жүргізуге қатысуы» тақырыбын талқылады.

Есіл, Бұланды,Қорғалжын аудандық соттарында азаматтық істер оңайлатылған(жазбаша) іс жүргізу тәртібінде қаралды

03/10/2017

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 144-146-баптарына сәйкес, судья істерді арыз қабылданған күннен бастап бір ай мерзімде оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды. Сот талап қою арызын іс жүргізуге қабылдау туралы ұйғарым шығарады, онда істің оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қаралатындығын көрсетеді.

Сот тараптарды хабарландырып, жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, он бес жұмыс күні ішінде талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгілейді.

Алкогольдік немесе есірткілік масаң күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілікке тартылды

03/10/2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы №1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының 2-бөлігі 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, жүргізушіге масаң күйде (алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық); реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсерімен; жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін сырқат немесе шаршаулы күйде көлік құралын басқаруға тыйым салынады.

Көрсетілген талаптарды бұзу ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексімен қарастырылған  жауапкершілікке  әкеп соқтырады.

Есіл аудандық сотында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған бола тұра, автокөлік құралын басқарған азаматтарға қатысты 33 қылмыстық іс қаралды

03/10/2017

Есіл аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған бола тұра, автокөлік құралын басқарған азаматтарға қатысты 33 қылмыстық іс қаралды.

Сот қаулыларымен Есіл ауданының 33 тұрғыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен («Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы») қылмыстық құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 6 азаматқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы, 27 азаматқа әкімшілік айыппұл тағайындалды.

Бұланды аудандық сотында сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін әкімшілік іс қаралды

03/10/2017

Бұланды аудандық сотында сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат Н. әкімшілік іс бойынша құқықбұзушы болып, тағайындалған сот отырысына дәлелсіз себептермен келген жоқ. Азамат Н. өзінің әрекеттерімен сотқа құрметтемеушілік көрсеткен және оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Сандықтау аудандық сотында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қылмыстық процесте қолдану туралы «дөңгелек үстел» өтті

03/10/2017

Сандықтау аудандық сотының төрағасы Азамат Айтмұхамедов прокуратура, ішкі істер бөлімінің өкілдері, адвокаттар және медиаторлардың қатысуымен қылмыстық істер бойынша «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдануды  талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстелде» сот төрағасы онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы, қылмыстық теріс қылықтар туралы істер бойынша Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңның нормаларын қолдану туралы» баяндамасын жасады.

Егіндікөл аудандық сотының 2017 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы

03/10/2017

Егіндікөл аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында 16 қылмыстық, 106 азаматтық және 100 әкімшілік іс қаралды.

Сот бұйрығын шығарумен 20 азаматтық іс, медиацияны қолданумен 10 азаматтық іс қаралды.

Әкімшілік істер бойынша келесі әкімшілік жазалар тағайындалды:  8 ескерту, 16 әкімшілік айыппұл, 49 әкімшілік қамаққа алу және 27 азамат көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.

 

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылган ауданаралық сотының төрайымы Макинск қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында кездесу өткізді

03/10/2017

Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы іске асыру аясында Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы Айсұлу Жұматованың басшылығымен, «Шаңырақ» қоғамдық қорының өкілдерімен бірлесе Макинск қаласының арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында кездесу  ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Айсұлу Жұматова орталықта тұратын қарияларды келе жатқан мейраммен құттықтап, сыйлықтар сыйлады және ювеналды сотының қызметі туралы әңгімеледі.

Атбасар ауданында Ақмола облыстық сотының судьясы бітімгершілік рәсімдерін қолдану туралы семинар-кеңес өткізді

03/10/2017

Атбасар ауданының әкімдігінде Ақмола облыстық сотының судьясы Роза Ертаева семенар-кеңесін Атбасар, Есіл, Сандықтау, Жақсы, Астрахан, Жарқайың аудандарының сот төрағалары, судьялары, адвокаттары кәсіби медиаторларының, мемлекеттік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен «Соттарда бітімгершілік рәсімдерін қолдану» тақырыбында семинар-сабағы өткізілді.

Судья Роза Ертаева ауылдық округ әкімдерін, медиаторларды сот талқылауында бітімгершілік рәсімдерін кенінен қолдануға шақырды.