Архив событий

10/10/2017

Есіл аудандық сотында сотты құрметтемеушілік туралы әкімшілік іс қаралды

10/10/2017

Есіл аудандық сотында азамат И-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Азамат И. сот отырысына дәлелді себептерсіз келмей, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен. Осыған байланысты, азамат И-ға қатысты сот приставы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 653-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құрастырған.

Сот қаулысымен азамат И. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен («Сотты құрметтемеушілік») құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамауғаалынды.

Ақкөл аудандық сотында мемлекеттік қызметшілері үшін семинар өтті

10/10/2017

Ақкөл аудандық сотында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Сот қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі әдеп қағидаттары мен мінез-құлық ережелері» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді. 

Астрахан аудандық сотының төрағасы «Ашық есік күнін» өткізді

10/10/2017

Астрахан аудандық сотының төрағасы Алексей Ан сотта аудан тұрғындарына арналған «Ашық есік күнін» өткізді.

«Ашық есік күнінің» басты мақсаты аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімділігін қаматамасыз ету.

«Ашық есік күні» алиментті өндіріп алу мәселелері бойынша азаматтық-құқытық қатынас, еңбек заңнамасының бұзылуы, материалдық залалды өндіріп алу туралы сот актісінің ұзақ мерзім орындалмау мәселелері түсіндірілді. 

Көкшетау қалалық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығы туралы Ережені талқылады

10/10/2017

Көкшетау қалалық сотында кеңсе меңгерушісінің міндетін атқарушы Зәуре Махамбетова сот кеңсесінің мамандарының қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығы туралы Ережелерін талқылау бойынша семинар өткізді.                           

Зәуре Махамбетова өз баяндамасында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығы туралы Ережесі  ҚР ЖС жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті  басшысының өкімімен бекітілгенін атап өтті. Сонымен қатар, ҚР ЖС Ахуалдық орталығының негізгі міндеттерін, функцияларын және қызмет тәртібін айтып берді.

Көкшетау қалалық сотында «Гендерлік саясаттың дамуы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

10/10/2017

Көкшетау қалалық сотында «Гендерлік саясаттың дамуы» атты тақырыбымен «дөңгелек үстел» өтті.  

«Дөңгелек үстел» жұмысына Көкшетау қалалық сотының төрағасы мен судьялары қатысты.

Есіл аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында 74 жекеше қаулы шығарылды

10/10/2017

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 826-бабына сәйкес, заңдылықты бұзу жағдайлары айқындалған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар анықталған кезде судья жекеше қаулы шығарады. Соттың жекеше қаулысына оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шешімі шағым жасалуға, наразылық келтіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Ерейментау аудандық сотында «Медиация туралы» Заңды қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

10/10/2017

Ерейментау аудандық сотында «Істерді қарау барысында «Медиация туралы» Заңды қолдану» тақырыбында  «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстелге» Ерейментау аудандық сотының судьялары, Ерейментау ауданының кәсіби емес медиаторлар, аулдық округ әкімдері, аудан әкімі аппаратының өкілі қатысты.

Ерейментау аудандық сотының төрағасы Мақсат Ақышев істерді қарау барысында «Медиация туралы» Заңды қолдану бойынша сот тәжірибесінде туындаған сұрақтар туралы баяндама жасады.

Көкшетау қалалық сотының судьясы ономастикалық комиссияның отырысына қатысты

10/10/2017

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын және Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген «дөңгелек үстелдің» қарарындағы бекітілген іс-шараларды іске асыру мақсатында Көкшетау қалалық сотымен Көкшетау қаласының әкімінің атына қала көшелерін Ақмола облысының атақты билері Бапан би мен Саққұлақ билердің есімдерін беру туралы хат жолданған.

Ыңтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

10/10/2017

Астрахан аудандық соты мен «Кіші және орта бизнес Ассоциациясы» ҮЕҰ-ы арасында бірлесіп жұмыс атқару туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның басты мақсаты – сот тәжірбиесіндегі кіші және орта бизнес өкілдері жеке кәсіпкерлері арасындағы туындайтын дауды (жанжалды) медиация рәсімі тәртібі бойынша шешу немесе басқада алтернативті жолдармен шешу рәсімдерін дамыту болып табылады.

Сот медиациясын жүргізу нәтижесінде отбасы сақталды

10/10/2017

Көкшетау қалалық сотында  неке бұзу туралы азаматтық сот медиация тәртібімен қаралды.

Сотта, талапкер Н. жауапкер Д-мен 2012 жылы неке құрып, ортақ некеден кәмелетке толмаған бір бала тәрбиелеп отырғанын, алайда ортақ түсіністіктің болмауынан мінездері жараспағанын көрсеткен. Талапкер, ортақ шаруашылықтың жүргізілмейтінін, ортақ мүлікті бөлу және балаларды тәрбиелеу туралы даудың жоқтығын ескеріп, некені бұзуды сұраған.

Сотта, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеуге келісті.Сот келісімді бекітіп, ерлі- зайыптылар татуласты.