Ерейментау аудандық сотында «Медиация туралы» Заңды қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ерейментау аудандық сотында «Істерді қарау барысында «Медиация туралы» Заңды қолдану» тақырыбында  «дөңгелек үстел» өткізілді.

«Дөңгелек үстелге» Ерейментау аудандық сотының судьялары, Ерейментау ауданының кәсіби емес медиаторлар, аулдық округ әкімдері, аудан әкімі аппаратының өкілі қатысты.

Ерейментау аудандық сотының төрағасы Мақсат Ақышев істерді қарау барысында «Медиация туралы» Заңды қолдану бойынша сот тәжірибесінде туындаған сұрақтар туралы баяндама жасады.

«Дөңгелек үстел» жұмысының қорытындысы бойынша жиналысқа қатысушылар алдағы уақытта  медиация институтын дамыту үшін айтылған ұсыныстар мен пікірлерді назарға алды. 

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі