Архив событий

27/10/2017

Есіл аудандық сотында медиацияны дамыту мәселелерін талқылау бойынша семинарлар өткізілді

27/10/2017

Есіл аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Ақмарал Жұмабекова Есіл ауданының Ақсай және Бузулук ауылдарының тұрғындары үшін медиацияны дамыту мәселелері бойынша семинарлар өткізді.

Семинарда А.Жұмабекова медиация институты соттарда қаралатын істердің санын азайтуға үлкен септігін тигізіп, тараптардың арасындағы дауларды шешудің бірден-бір тәсілі болып табылады деп атап өтті. Судья медиация рәсімін түсіндіріп, дауды шешуге мүмкіндік беретін және дауға қатысушы тараптарды татуластыратын сот практикасынан нақты мысалдарды келтірді.

Аршалы аудандық сотында сотталушылар жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

27/10/2017

Ақмола облысының Аршалы аудандық сотында үш азаматқа қатысты қылмыстық істер қаралды.

Сот анықтағандай, Аршалы ауданының үш азаматы әр мезгілде ұрлық жасап, жәбірленушілерге   материалдық зиян келтірген.

Сот отырысында, жәбірленушімен сотталушылар  медиация тәртібі арқылы татуласуына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат түсті.

Есіл аудандық сотында Өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды

27/10/2017

Есіл аудандық сотының төрағасы Қ.Әбішев, Есіл ауданының заң кеңсесінің меңгерушісі З.Жакупова, Ақмола облысы Қазақстан халықтар Ассамбллеясының мүшесі А.Ерденова Өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның басты мақсаты – құқықтық дау-жанжалдың деңгейін төмендетіп, қолайлы құқықтық орта құруға себепші болатын дауды сотқа дейін реттеу, сотта бітімгершілік процедурасын қолдану үшін өзара әрекеттерді жан-жақты дамыту болып табылады.

Сот шешімімен лицензиялық жинақ сомасы өндіріп алынды

27/10/2017

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Зеренді ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы» РМБ-ның  жеке кәсіпкер «У-ға»  лицензиялық жинақ сомасын  өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық  іс қаралды.

Егіндікөл аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 23 азамат әкімшілік жазаға тартылды

27/10/2017

Егіндікөл аудандық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасағандары үшін 23 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралып, 4 құқық бұзушыға айыппұл түрінде, 19 құқық бұзушыға әкiмшiлiк қамаққа алу түрінде жазалар тағайындалды.

 

Ақмола облыстық сотында «Электронды сот төрелігінің» мүмкіндіктері таныстырылды

27/10/2017

Ақмола облыстық сотында Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сарымсақов соттарда қолданатын «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіндіктерімен таныстыру өткізді.

Таныстыруға «Атамекен» ҰКП-ның, адвокаттар, мемлекеттік органдар мен мекемелердің заңгерлері, сонымен қатар, басқа да мекемелер мен БАҚ-ның өкілдері қатысты.