Архив событий

31/10/2017

Ақкөл аудандық сотында ұсақ бұзақылық туралы әкімшілік іс қаралды

31/10/2017

Ақкөл аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтауы бойынша, құқық бұзушы азамат Н. қоғамдық орында темекі  қалдығың тастап, қоғамдық тәртіпті бұзған. 

Бейнеконференцбайланыс арқылы «Корпоративтік дауларды шешудегі сот практикасы» тақырыбында семинар өткізіледі

31/10/2017

«Бизнестің сотпен қорғалуы» жобасын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен 2017 жылдың 10 қарашасында сағат 15.00-де бейнеконференцбайланыс арқылы «Корпоративтік дауларды шешудегі сот практикасы» тақырыбында семинар өткізіледі.

Семинарға Ақмола облыстық сотының, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, «Атамекен» ҰКП-ның облыстық филиалының өкілдері қатысады.

Сот қаулысын орындамағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды

31/10/2017

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Ж-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Соттың анықтауы бойынша, азамат Ж. 5 жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған бола тұра, Көкшетау қаласында автокөлік жүргізіп, сот қаулысын орындамаған.

Көкшетау қалалық сотында сот медиациясы қолданылды

31/10/2017

Азаматтық іс жүргізу кодексінде судьялармен  медиацияны жүргізуді қарастырылған, тәжірибеде көрсетілген  заң нормасы  іс жүргізу барысында  тараптар  арасындағы  дауларды шешу жолын жеңілдетеді.

Көкшетау қалалық сотында 205 азаматтық іс медиациялық келісіммен бекітілгендіктен және 37 азаматтық іс бітімгершілік келісім бекіту арқылы тоқтатылған.

Істерді қарау барысында  судья медиатордың қатысуымен тараптардың бітімгершілікке келуіне шара қолданған.

 

2017 жылдың басынан көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарғаны үшін 132 көлік жүргізушіге қатысты әкімшілік істер қаралды

31/10/2017

Атбасар  аудандық сотында 2017 жылдың басынан көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқарған азаматтарға қатысты 132 әкімшілік істер қаралды.

Сот анықтауы бойынша, құқық бұзушылар Қазақстан Республикасының Жол жүру Ережесінің 2-бөлімі 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұзып, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйінде көлік құралдарын жүргізген. Яғни бұл іс-әрекетімен көлік жүргізушілер жол қозғалысына қауіп төндірген.

Атбасар аудандық сотында сот актілерін орындамағаны үшін 106 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

31/10/2017

Атбасар аудандық сотында 2017 жылдың басынан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабы бойынша («Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамағаны үшін») 106 адам  әкімшілік жазаға тартылды.

Егіндікөл аудандық сотында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетел азаматтары әкімшілік жазаға тартылды

31/10/2017

Егіндікөл аудандық сотында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 7 шетелдiк азаматтарға қатысты әкімшілік істер қаралды. Құқық бұзғандар екі Тәжікістан, бес Өзбекістан Республикасының азаматтары.