Архив событий

18/10/2017

Сот азаматты көлік құралын басқаруға куәлігі болмай тұра алкоголдік масаң күйде көлік құралын басқарғаны үшін кінәлі деп таныды

18/10/2017

Целиноград  аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат С-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат С. көлік құралын басқаруға куәлігі болмай тұра, жол жүру ережесін бұза отырып, автокөлікті масаң күйінде басқарған.

Сот азамат С-ны кінәлі деп танып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындады.

Ақмола облыстық сотында «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті

18/10/2017

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының қағидаларын және Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген «дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында, Ақмола облыстық сотында «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» конкурсы өтті.

Егіндікөл аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 3 әкімшілік іс қаралды

18/10/2017

Егіндікөл аудандық сотында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы 3 әкімшілік іс қаралды.

Сотта, 3 азаматқа қатысты әкімшілік істер жәбірленушілердің құқық бұзушылармен татуласуына байланысты медиация тәртібімен тоқтатылды.

Степногор қалалық сотының судьялары Ақсу көшенің бірін Етекбай бидің атымен өзгерту туралы ұсыныс жасады

18/10/2017

Степногор қалалық сотының төрағасы Мақсұтхан Ахметов судьялар ұжымымен Етекбай биідің жерленген зиратының басына барды.

Етекбай би Түркебайұлы 1808 жылы Степногор қаласының маңында орналасқан Қарабұлақ деген жерде дүниеге келіп, 1889 жылы сол жерде қайтыс болған. Терең білімді, араб, орыс, тілдерін және сол ұлттардың шығармаларын жақсы білген ақын.

Ақмола облыстық сотының тарихи мұражайында Етекбай бидің бюсті және ол туралы жазбаша ақпараттар бар.