Ақкөл аудандық сотында мемлекеттік қызметшілері үшін семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақкөл аудандық сотында мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Сот қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі әдеп қағидаттары мен мінез-құлық ережелері» тақырыбында семинарлық сабақ өткізілді. 

Кеңсе меңгерушісі Г.Мұздыбаева «Сот қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі әдеп қағидаттары мен мінез-құлық ережелері» тақырыбындағы баяндамасында Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіндегі негізгі қағидаларына ерекше көңіл бөлді. Ол өз сөзінде,  2016 жылдың басынан бастап мемлекеттік қызметшілерге арналған Әдеп кодексі заңды күшіне еніп, осы аталған заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметшiлерінiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылай бастағаны, қызмет уақытында және қызметтен тыс уақытта  аталған талаптарды қолдану қажеттілігі сөз болды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі