Көкшетау қалалық сотында «Гендерлік саясаттың дамуы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкшетау қалалық сотында «Гендерлік саясаттың дамуы» атты тақырыбымен «дөңгелек үстел» өтті.  

«Дөңгелек үстел» жұмысына Көкшетау қалалық сотының төрағасы мен судьялары қатысты.

Судья Г.Тулегенов өз сөзінде, гендерлiк саясаттың негiзгi қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген әйелдер мен ерлердiң тең құқығы мен еркiндiгiн белгiлейтінін, Қазақстандағы гендерлiк саясаттың мiндеттерiне әйелдер мен ерлердiң билiк құрылымдарында теңдестiрiлген қатысуына қол жеткiзу, экономикалық тәуелсiздiктiң барлық тең мүмкiндiктерiн қамтамасыз ету, өз бизнесiн дамыту және қызмет бабында iлгерiлеу, отбасында құқықтар мен мiндеттердi тең жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасау, жыныстық белгiсi бойынша зорлықтан еркiн болу жатқызылатынын атап өтті.  

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар гендерлік саясатты дамытудың қоғам үшін маңыздылығын және осы бағытта жұмыстар атқару керектігін көрсетті.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі