Есіл аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында 74 жекеше қаулы шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 826-бабына сәйкес, заңдылықты бұзу жағдайлары айқындалған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар анықталған кезде судья жекеше қаулы шығарады. Соттың жекеше қаулысына оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шешімі шағым жасалуға, наразылық келтіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін.

Ұйымдардың басшылары және басқа да лауазымды адамдар жекеше қаулыны алған күннен бастап бір ай ішінде қарауға және қолданған шаралар туралы жекеше қаулы шығарған судьяға хабарлауға міндетті.

Есіл аудандық сотында 2017 жылдың 9 айында қаралған әкімшілік істер бойынша анықталған заңдылықты бұзуды, сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы 74 жекеше қаулы шығарылған. Олардың барлығы ішкі істер органдарының атына  шығарылған. 50 жекеше қаулы бойынша нақты шаралар қолданумен орындалғаны туралы жауаптар түскен.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі