Ыңтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астрахан аудандық соты мен «Кіші және орта бизнес Ассоциациясы» ҮЕҰ-ы арасында бірлесіп жұмыс атқару туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның басты мақсаты – сот тәжірбиесіндегі кіші және орта бизнес өкілдері жеке кәсіпкерлері арасындағы туындайтын дауды (жанжалды) медиация рәсімі тәртібі бойынша шешу немесе басқада алтернативті жолдармен шешу рәсімдерін дамыту болып табылады.

Меморандумға Астрахан аудандық сотының төрағасы Алексей Ан және   «Кіші және орта бизнес Ассоциациясы» ҮЕҰ-ның басшысы Людмила Кирокосян қол қойды.

Астрахан аудандық сотының төрағасы меморандумға қол қою сот жүйесін дамтыту аясындағы  басты қадамдардың  бірі болып табылатынын атап өтті.

Іс-шара соңында, сот төрағасы ұйым басшысы Людмила Кирокосянға алғысын білдіріп, ыңтымақтастықтың одан әрі дамуына сенетінін айтты.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі