43 азамат ұсақ бұзақылық жасағандары үшін әкімшілік жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұсақ бұзақылық – қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтардың ең көп тараған түрлерінің бірі болып табылады.

 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер ұсақ бұзақылық болып танылады. Көрсетілген әрекеттерді жасау он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.

Бұланды аудандық сотында 2017 жылдың 1-жартыжылдығында ұсақ бұзақылық туралы 46 әкімшілік іс қаралып, 43 азамат әкімшілік жауаптылыққа тартылған. Оларға келесі әкімшілік жазалар түрлері тағайындалды: айыппұл салу- 3, әкiмшiлiк қамаққа алу-40, кәмелетке толмаған 3 азамат тәрбиелiк ықпал ету шараларын қолданумен әкімшілік жазадан босатылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі