Архив событий

28/07/2017

Жоғарғы Сот Төрағасы Бурабай аудандық сотына жұмыс сапарымен келді

28/07/2017

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Ақмола облысының Бурабай аудандық сотына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында судьялар және сот қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Қ.Мәми судьялармен кездесу барысындасоттармен Ұлт жоспары аясында реформалар табысты іске асырылып, Елбасының Судьялардың жетінші съезінде қойылған тапсырмаларды орындау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде деп атап өтті.

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы

28/07/2017

Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістермен сәйкестендіру мақсатында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оларға сәйкес:

- судьялыққа кандидаттар үшін жас шектелімі отыз жасқа дейін жоғарлатылды;

- тағылымдамадан және полиграфологиялық зерттеуден өту талаптары жұмыс істеп жүрген судьялар болып табылатын кандидаттарға қолданылмайды;

Әкелікті анықтау және алимент өндiрiп алу туралы азаматтық іс медиацияны қолданумен қаралды

28/07/2017

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында әкелікті анықтау және алимент өндiрiп алу туралы азаматтық іс медиацияны қолданумен  қаралды.

Сотта, талапкер мен жауапкермен келесі шарттар негізінде дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім ұсынылды.

Қылмыстық құқық бұзушылық жасалған әрекеттердің күшін жою туралы заңның енгізуіне сәйкес, қылмыстық іс тоқтатылды

28/07/2017

2017 жылдың 18 шілдесінде Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 108-бабы («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру») бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат О-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.  

Азаматша У. ҚПҚ-нің 408-бабынын 1-бөлігіне сәйкес жеке айыптау тәртібімен азамат О. денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы сотқа жүгінді.

Ақкөл аудандық сотында медиация институтын қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өтті

28/07/2017

В Аккольском  районном суде провели «круглый стол» по вопросам досудебного урегулирования споров (конфликтов) в порядке медиации с участием представителей ОО «Союз инвалидов и ветеранов войны в Афганистане» и акимов сельских округов.

Сот көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырды

28/07/2017

Ақкөл аудандық сотында көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарғаны үшін азамат С-ға қатысты  әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат С. көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.

Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жаза тағайындады

28/07/2017

Ақкөл аудандық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, азамат Ш. қоғамдық орында бола тұра, жерге темекінің тұқылын тастап, осы іс-әрекетімен ұсақ бұзақылық жасаған. 

Сот қаулысымен азамат Ш. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық («Ұсақ бұзақылық») жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Еңбекшілдер аудандық сотында БАҚ өкілдерімен брифинг өтті

28/07/2017

Еңбекшілдер аудандық сотында БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың І жартыжылдығында сот төрелігін іске асырудың қорытындысы бойынша брифинг өтті.

 Брифинг барысында сот төрайымы Гүлмира Анарбекова аудандық сотта есеп кезеңі аралығында 7 қылмыстық, 180 азаматтық  және 133 әкімшілік істер қаралғанын атап өтті. Сот бұйрығын шығарумен 38 азаматтық іс, 2 іс бітімгершілік келісімдер жасаумен, 26 іс медияцияны қолданумен және 1 іс партисипативті тәртіпте қаралды. 6 жекеше қаулылар шығарылды.

Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін сот жаза тағайындады

28/07/2017

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін азаматша Б-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот үкімімен азаматша Б. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабымен («Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау») кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сотты кұрметтемегені үшін сот қамаққа алу жазасын тағайындады

28/07/2017

Астрахан аудандық сотында  сотты құрметтемегені үшін  азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай азамат А. қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша куәгер болып табылғандықтан, сот отырысына іс бойынша куәгер ретінде шақырылған болатын. Алайда, аталған азаматпен тағайындалған сот отырысына шақыру тиісті дәрежеде болса да, азамат А. ешқандай себепсіз, сот отырысына қатыспай, осы іс әрекетімен сотқа құрметтемеушілік танытты.