Ақкөл аудандық сотында көлік құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарғаны үшін көлік жүргізушілеріне қатысты 30 әкімшілік іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2017 жылдың 5 айында Ақкөл аудандық сотында көлік құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлік құралдарын басқарғаны үшін аудан тұрғындарына қатысты 30 әкімшілік іс қаралды.

Сот қаулыларымен 30 азамат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 608-бабының 1,6,7,8 - бөліктерімен («Көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы») құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі деп танылып, 22 азаматқа үш жылға көлік құралын басқару құқығынан айыру түрінде, ал 6 азаматқа әкімшілік қамаққа алу және 2 азаматқа айыппұл түрінде әкімшілік жазалар тағайындалды.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі