Ақмола облыстық сотының төрағасы бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен және журналистермен «дөңгелек үстел» басында кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен және журналистермен олардың кәсіби мерекесін атап өту үшін «дөңгелек үстел» басында кездесу өткізді.

Досжан Әміров мемлекет және қоғамның құрылуы мен дамуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін жоғары бағалап, сот жүйесіне көрсетілетін ақпараттық қолдау мен әріптестік үшін БАҚ өкілдеріне алғыс білдірді. Бүгінгі таңда Ақмола облысының соттары 89 БАҚ өкілдерімен әріптестік орнатқан. 2017 жылдың басынан судьялардың 440 мақаласы мен сұхбаттары, облыс соттарының қызметі туралы журналистердің 607 ақпараты, облыстық соттың Интернет-ресурсында 449 ақпарат жарияланып, телеарналарда 34 бейнематериал ұйымдастырылды. Облыстық соттың төрағасы, аталған жұмыс бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан үлкен қолдау мен әріптестіктің арқасында өткізілгендігін атап өтті.

Сот төрағасы «Сот жүйесінің ақпараттық ашықтығы мен қолжетімділігі – бұл Елбасы және Жоғарғы Соттың басшылығымен белгіленген біздің жұмысымыздың басым бағыттары» - деп атап, БАҚ өкілдерін сот төрелігінің ашықтығы мен заң үстемдігін қамтамасыз етуге оң ниетпен және ұдайы түрде әріптестікті жалғастыруға шақырды. 

Облыстық соттың төрағасы БАҚ өкілдерінің жұмыстарына шығармашылық табыс, денсаулық, амандық және шабыт тілеп, республикалық және жергілікті 23 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сот беделін көтеруге қосып отырған үлестері мен жемісті әріптестігі үшін Алғыс хаттар табыс етті.

Журналистер кәсіби мереке күні кездесу ұйымдастырып, құттықтаулары мен білдірілген ықыластары  үшін алғыс сөздерін айтып, облыс соттарымен одан әрі әріптестікті жалғастыру бойынша алдағы уақыттағы жобалары және жоспарларымен бөлісті.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі