Ақмола облыстық сотының жалпы отырысы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров облыстық соттың жалпы отырысын өткізді.

Жалпы отырыста облыстық сот алқаларының сандық және дербес құрамы бекітіліп, жаңа тағайындалған Ақмола облыстық сотының судьясы Н.Рахымберлин азаматтық істер жөніндегі сот алқасының құрамына енгізілді және 2017 жылдың 2-жартыжылдығына арналған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, облыстық соттың сот алқасының төрағасы, аудандық және оларға теңестірілген соттарының төрағалары лауазымдарына кандидаттарының өтініштері бойынша кадр резерві комиссияның шешімідері қаралды.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі