Ақмола облысының соттарында істер татуласу рәсімдерін қолданумен қаралуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарында азаматтық, қылмыстық  және әкімшілік істер бітімгершілік келісім жасау, медиацияны қолдану және партисипативтік рәсім тәртібімен каралды.

Мысалы, 2017 жылдың 5 айында Зеренді аудандық сотында 7 азаматтық іс татауласу келісімін бекітумен, 7 азаматтық, 3 қылмыстық және 8 әкімшілік іс медиацияны қолданумен қаралды.

2017 жылдың 5 айында Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында медиацияны қолданумен 19 азаматтық іс және Пилоттық жоба шеңберінде 10 азаматтық іс қаралды.

Целиноград аудандық сотында материалдық залалды өндіру туралы азаматтық іс  медиация тәртібімен қаралды.

Ақкөл аудандық сотында  меншік құқығын анықтау туралы азаматтық іс медиативтік келісім жасаумен қаралды.

Бұланды аудандық сотында балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы азаматтық іс сот медиациясы тәртібінде қаралды. Сондай-ақ, материалдық зиянды өндіру туралы азаматтық іс партисипативтік рәсімін қолданумен қаралды.

Жарқайын аудандық сотында  жұбайын асырау бойынша алимент өндіру туралы және моральдық пен материалдық зиянды өндіру туралы 2 азаматтық іс медиация тәртібімен қаралды. Сондай-ақ, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттерге қатысты  әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс екі жақтың татуласуымен қаралды.

Есіл аудандық сотында  баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы    азаматтық іс медиативтік келісім жасаумен және қарызды өңдіріп алу туралы азаматтық іс татуласу келісімін жасаумен қаралды.

Жақсы аудандық сотында  моралдық залалды өтеп алу туралы    азаматтық іс медиативтік келісім жасаумен қаралды.

Астрахан аудандық сотында бұзақылық жасағаны үшін қылмыстық іс екі жақтың татуласуымен қаралды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі