Астана күніне орай Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміровтың құттықтауы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құрметті сайтқа келушілер!

Құрметті азаматтар, облыс тұрғындары!

 

Сіздерді еліміздің елордасы - Астана қаласының күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі таңда елдің төрі Астана барша ұлт пен ұлыстың басын қосқан бірлік мекеніне айналды. Астана - қарыштап дамыған мемлекеттің нышаны, әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеудің айқын дәлелі.

Астана қаласында EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің  өтуі – Қазақстанның зор жетістігі. Мұндай ауқымды шараны көзбен көру бақытына ие болып келеміз. Жарқын қаламыз одан әрі өркендей берсін деп тілеймін.

Сіздерді осындай еліміздің елдігін нығайтып, абыройын асқақтататын мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, жандарыңызға салауаттылық, еңбектеріңізге жетістіктер, елдің бірлігін, ұлттың ұлылығын тілеймін!

Халқымыздың баянды бірлігі, ұйыған татулығы жасасын! Арқа төсіндегі, ару қала – Астанамыз асқақтай берсін!

 

 

Құрметпен,

Ақмола облыстық сотының төрағасы

Досжан Әміров