Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміровтың құттықтауы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары!

Құрметті журналистер!

 

Сіздерді журналистердің кәсіби мерекесі «Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен» шын жүректен құттықтаймын!

Сот жүйесі бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз қарым-қатынас жасауға ұдайы көңіл аударып келеді. Сот төрелігін атқару жолында қызмет атқарып жүрген судьялардың табанды еңбегін насихаттауда журналистердің еңбегі ұшан-теңіз. Сіздердің қаламдарыңыздан туындаған сот қызметкерлері туралы пікірлер біздің халық алдындағы беделімізді биіктетіп қана қоймайды, сот төрелігін заңды әрі әділ атқарудағы еңбегімізді насихаттайды.

Журналистер - қоғамның белсенді күші. Қоғамның құқықтық сауаттылығы журналистерге де байланысты. Сондықтан, әркім сөзіне де, ісіне де әділ, адал болсын деп тілеймін. 

Құрметті журналистер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Қаламыңыз қарқымды, жолдарыңыз ақ, денсаулықтарыңыз мықты, жаңалықтарыңыз қызықты болсын! Барлықтарыңызға шығармашылық шабыт тілеймін!

 

Құрметпен,

Ақмола облыстық сотының төрағасы

Досжан Әміров

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі