Бұланды аудандық соты құқық қорғау органдары мен Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының атына заң бұзушылықтарды жою туралы 3 жекеше қаулы шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық – процестік кодексінің 405-бабына сәйкес, сот жекеше қаулы шығаруға негiз болған кезде кеңесу бөлмесiнде жекеше қаулы шығарады, онда мемлекеттiк органдардың немесе лауазымды адамдардың, ұйымдардың немесе олардың басшыларының назарын iс бойынша анықталған заң бұзушылық фактiлерiне, қылмыстық құқық бұзушылықты жасауға ықпал еткен және тиiстi шаралар қабылдауды талап ететiн себептер мен жағдайларға аударады. Жекеше қаулы сот анықтау, алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде жол берiлген, азаматтардың құқықтарын бұзушылықтарды және басқа да заң бұзушылықтарды тапқан кезде де шығарылуы мүмкiн.

Сот жекеше қаулы арқылы ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарын жекелеген азаматтардың өндiрiстегi немесе тұрмыстағы терiс мiнез-құлқына немесе олардың қызметтiк немесе азаматтық борышын бұзғанына аударуға құқылы.

Сонымен қатар, сот қылмыстық құқық бұзушылықтың жолын кесуге немесе оны ашуға жәрдемдескен азаматтың азаматтық немесе қызметтiк борышын өтеу кезiнде көрсеткен жоғары саналылығын, ерлiгiн жекеше қаулысы арқылы ұйымдар мен еңбек ұжымдарының назарына жеткiзе алады.

Жекеше қаулы бойынша бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей қажеттi шаралар қолданылып, оның нәтижелерi жекеше қаулы шығарған сотқа хабарлануға тиiс.

Бұланды аудандық сотымен 2017 жылдың 1 жартыжылдығында қаралған қылмыстық істер бойынша Ақмола облысы ІІД, Бұланды ауданының ІІБ және Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасының атына заң бұзушылықтарды жою туралы, сонымен қатар, қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы 3 жекеше қаулы шығарылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі