Бұланды аудандық сотында татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұланды аудандық сотында аудандық прокуратура, АІІБ өкілдері, «Надежда» тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілі мен адвокаттардың қатысуымен «Қазақстан Республикасы заңнамасындағы татуластыру рәсімдері мен дауларды шешудің баламалы жолдары, оларды кеңінен қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысын ашып, Бұланды аудандық соты төрағасының м.а. Басбатыр Ахметжанов, татуластыру рәсімдерін қолдану туралы насихат жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттілігі жөнінде айтты.

Сонымен қатар, судья Людмила Цибульская татуластыру рәсімдерін қолдануын түсіндірді.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі