Бурабай аудандық сотында жекеше айыптау істерін қарау мәселелерін талқылау бойынша «дөнгелек үстел» өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бурабай аудандық сотында медиаторлар және Бурабай аудандық құқық қорғау органдары кызметкерлерінің қатысуымен «Жекеше айыптау бойынша істерді әзірлеу сапасы» тақырыбымен «дөңгелек үстел» өтті.

Бурабай аудандық сотының төрағасы Абзал Балабеков істер мен материалдарды құрастыру кезінде заңнаманы сақтауға, мемлекеттік органдардың атына шығарылған жекеше қаулылардың саны мен олардың шығарудың себептерін атап көрсетті. Сот төрағасы жекеше айыптау бойынша істерді құрастыру кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұзушылықтарға жол беретініне көңіл аудартты.

«Дөнгелек үстелге» қатысушылар электронды құжат айналымын дамыту және сот құжаттарын «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі арқылы соттарға электрондық түрде жолдау сұрақтарын талқылады.

 «Дөңгелек үстелде» медиатор К.Токубаева «Медиация рәсімдерін  қолданудың өзекті мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, медиацияны дамытудың мәселелері бойынша әріптестіктің жолдарын талқылады.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі