Еңбекшілдер аудандық сотында партисипативтік тәртіппен азаматтық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық сотында, заңсыз пайдаланған ауланы босату туралы азаматтық іс партисипативтік тәртіппен  қаралды.

Азаматтық процесстік кодексінің 181-бабының 2-бөлігіне сәйкес партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.

Сот отырысы барысында тараптар адвокаттардың қатысуымен бір келісімге келді. Келісімге сәйкес талап қоюшы  өз талабынан бас тартады, ал жауапкер  қора және шарбақты өз еркімен бұзады.

Сот қаулысымен  партисипативтік тәртіппен дауды реттеу келісімі  бекітілді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі